+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі:

Рахимова Анар Кәріпбайқызы

Байланыс тел.: +7-727-267-28-62

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Негізгі бағыттары:

- әдебиеттердің ашық қорында ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
- дәстүрлі және электронды түрде ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
- электрондық ақпараттарға қолжетімділікті  ұйымдастыру;
- дәстүрлі карточкалы каталогты ұйымдастыру және жүргізу;
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
- электрондық каталогтан ақпарат іздеу және тапсырысты жүзеге асыру  жөнінде  кеңес беру;
- білімнің барлық салалары бойынша  электрондық басылымдар қорын  CD, DVD-де ұсыну;
- стандартты бағдарламаларды дербес пайдалану үшін компьютерлер ұсыну;
- баспа құжаттарын сканерлеу;
- мәтіндерді басып шығару;
- толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділік:

- ПАРАГРАФ Қазақстан заңнамасы бойынша толықмәтінді электрондық дерекқоры. Дерекқорда нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері, заңгер-ғалымдар мен тәжірибешілердің заңнамаға түсініктері, Жоғарғы Соттың және республиканың басқа соттарының шешімдері, сот тәжірибесінің шолулары, халықаралық құқық құжаттары; Қазақстан Парламенті қарастырған заң жобалары; құқықтық және іс құжаттарының үлгілік түрлері және басқа маңыздылығы кем емес құжаттар қамтылған. Сонымен қатар нормалар, ережелер, стандарттар, нұсқаулар, құралдар, сондай-ақ Қазақстанның, Ресей және басқа елдердің ілеспе нормативтік құқықтық актілері қамтылған;

- EastView (орыс тілінде) Ресейдің гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді басылымдары – Ресей ғылым академиясы институттарының археологиядан бастап лингвистикаға дейінгі салаларды қамтитын «қалың журналдарға» дейін, әйгілі «Новый мир» журналы мен тәуелсіз ғылыми журналдардан бастап қамтылған. Тақырыбы: тарих, мемлекет және құқық, жаратылыстану, әдебиеттану, медицина және денсаулық сақтау, ғылым және техника, философия, экономика, этнография;

- EBSCO (ағылшын тілінде) экономика, бизнес, менеджмент, әлеуметтану, саясаттану, ақпараттану және басқа ғылымдар жөніндегі басылымдарды қамтиды, барлығы 14000 астам журналдар, бизнес-талдау құжаттары, нарықтар мен компаниялар жөніндегі есептер және т.б.  

Оқырман залындағы ашық қорда ұсынылған:

Білімнің барлық салалары бойынша электрондық басылымдар CD, DVD;
2. Библиографиялық басылымдар.
3. Анықтамалықтар, сөздіктер мен энциклопедиялар;
4. Реферативтік журналдар;
5. Жаңа әдебиеттер көрмесі;
6. Дерекқорлар және Интернетке қолжетімділік.

Каталогтар залында келесі баспа каталогтары орналасқан:

1. «Қазақстан кітаптары» қорына:
- алфавиттік каталог қазақ тілінде;
- жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде;
2. Жалпы қорға:
- алфавиттік каталог орыс тілінде;
- жүйелік каталог орыс тілінде (Алфавиттік-пәндік көрсеткішпен жабдықталған);
3. Авторефераттар қорына:
- алфавиттік каталог қазақ және орыс тілдерінде;
- жүйелік каталог қазақ және орыс тілдерінде;

Сайтта

Қазір сайтта 123 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.