+7 (727) 267-28-83

b6ddafad 4e6d 4750 aa27 8f13bcdb6f77

27 қазанда Н. Дәулетова атындағы залда жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына орай «Ақселеу Сейдімбек - Ұлы даланың дара тұлғасы» атты еске алу кеші өтті.

Кешті ақын,  филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы жүргізді.

Іс-шарада: жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кәдірбек Сегізбаев; журналист-жазушы,  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев; жазушы,  профессор, Әдебиет және өнер институтының қызметкері Ақыш Нұрдәулет; белгілі ғалым, өнер зерттеуші Сағатбек Медеубекұлы; қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман; «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басшысы, «Жаңалық» саяси қуғын-сүргін музейінің аға ғылыми қызметкері, профессор Ғарифолла Әнес; жазушы-этнограф Болат Бопай; ҚР Ұлттық кітапханасы Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова  Қаншайым сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында  жыршы Әбіш Әділбек Қабан жыраудың «Мұсылмандар жарандар» атты термесін  және  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4 курс студенті Айдос Шәкірт Ақселеу Сейдімбектің әндерін орындады.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ақселеу Сейдімбектің шығармашылығы мен өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Ұлы даланың дара тұлғасы» атты безендірілген кітап көрмесіне  кітапханашы Қарабаев Құрмет шолу жасады.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, Алматы темір жол көлігі колледжі, Алматы құрылыс және менеджмент колледжінің студенттері, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері, және т.б.

f90a8bab ec49 420e 8d5e 2d1505dd6c4e   f9896707 8740 4247 918f 074663cd22ce   e6260cc7 2072 4e50 bdd1 ec99353bc0cc
5bc0c458 8b74 4922 88ef 17585672c3c4   862080b2 e686 4d54 b1d9 9deba4e5ee9d   ae90853a b2d6 431d 8f99 850848cc840f