+7 (727) 267-28-83

22 қазанда Үлкен залда Алматы қаласының Бостандық ауданы  25 қазан - Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шарада  ҚР Ұлттық гвардия әскерлері Мемлекеттік Туды салтанаты түрде сахна төріне кіргізді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Құттықтау сөзбен Бостандық ауданы әкімінің орынбасары  Балабаева Маржан Ертайқызы сөз сөйлеп, Республика күніне орай өз саласының саңлақтары мен көптен оза шапқан үздіктері Алматы қаласы әкімінің Алғыс хатымен және Құрмет грамоталарымен марапаттады және ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің  топ жетекшісі Баян Кулиева Бостандық ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мерекелік шара қонақтары: «Салтанат» би ансамблінің; әнші, композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Дүйсеновтің; Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрінің домбырашылары: Төлеби Нұрғали, Мейірбек Әзімбаевтардың; Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншілері Жігер мен Жанат және «Классик» триосының өнерлерін тамашалады.