+7 (727) 267-28-83

20451d51 e931 436a be73 f7ebbdf9fc4b

2022 жылғы 22 қазан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары «24 қазан – Кітапханашы күні» мерекесіне орай «Мен таңдаған мамандық!» атты мерекелік концерт  ұйымдастырды және оқу орындарының студенттерімен Ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітапханашы мамандығының беделін арттыру, оны дәріптеу, кітапханалардағы кәсіби кадрлардың тапшылығын жоюға жәрдемдесу, болашақта оларға деген сенімділікті арттыру. Кітапханаға Алматы қаласы мен Алматы облысы оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Халықаралық туризмнің менеджмент колледжі, Еуразия техникалық-экономикалық колледжінің, Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері шақырылды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана ұжымына, студенттерге сәттілік тілеп, оларға өз кәсіптерінің білгір маманы болуды тіледі.

Сондай-ақ, студенттерге экскурсия өткізілді, олар кітапханадағы оқу залдарымен және құрылымдық бөлімдермен танысты. Экскурсия барысында викториналар мен байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар жүлдеге ие болды. Іс-шара барысында студенттер үлкен белсенділік танытты. ҚР Ұлттық кітапханасының атынан оларға естелік кітаптар сыйға тартылды.      

IMG 20221022 WA00153b23f01e b31c 47f2 91ff 78413cac865c6cb6e338 2594 4680 9d6a f4c2281c91f3