+7 (727) 267-28-83

038bbb6c 874a 4ea8 bb2e d3fe6ac0acb420 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында Жетісу жыраулық, ақындық мектебінің түлегі Құланаян Құлмамбет негізін салған суырып салма өнердің жалғастырушысы, талантты ақын-жыршы Хасенәлі Саматыровтың "Айналайын ел-жұртым" атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараны  ҚР Президенті сыйлығының лаураты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Сөз сөйлегендер: Анарбай Бұлдыбай, Батық Мәжитұлы, Дүйсен Мағлұмов, Шорабек, Бақыт Бұқарбеков, Нұртан Төлепберген, Сәуле Досжан, Есей Жеңісұлы, Келгенбай Мамырбеков және т.б.

Шара барысында  Хасенәлі Саматыровтың шәкірті Қуаныш Әлімберді арнау өлеңін, қарасаздық әнші Мұрат Өміржан Хасенәлі Саматыровтың сөзі мен сазына жазылған әсем әнін орындады.

Жаңа кітап іс-шара соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.

 930693a6 9dbc 4beb bd8c cc764e11a0421aacd374 5dba 4777 a624 31f4fe20e11a