+7 (727) 267-28-83

КБС 114 қазандағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ Кеңесінің кезекті жұмыс отырысы «Кітапхана ісі» туралы заң жобасын талқылаумен басталды.

Қатысушылар заң тармақтарына жеке-жеке тоқтала отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Еліміздегі барлық кітапханалардың жұмыс ерекшеліктеріне қарай облыстық кітапхана басшыларының пікірлері ескеріліп, заң жобасына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

 Қазақстандық Кітапханалық Одақтың басқару Кеңесі құрамы қайта  қаралып, КҚО төрағасы, бірлескен төраға, жұмыс  бағыттары бойынша секция жетекшілері мен мүшелері, тексеру комиссиясының құрамы сайланды.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Д.Сүлейменовамен  «Кітапхана ісі» туралы заң жобасы  бойынша онлайн кездесу өткізілді.

2022 жылғы 17 қазанда Астана қаласында Zoom конференц-байланыс  тәртібінде «Кітапхана ісі» туралы Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс отырысын өткізу жоспарлануда.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова Кеңес отырысына қатысушыларға «Қазақстан кітапханалары – 2021 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолумен таныстырып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

0f62e11f 5754 4236 890f d90feb0df77b   56f6fb88 4e2a 4774 af82 ac5985df9ccb   56447981 94d7 4f5e 99cf 1fbf46aedd21   9e6a6b04 3dde 4fef bf01 0b78c062fbf3