+7 (727) 267-28-83

Кемел

12 қазанда  ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, көркем сөздің шебері, драматург, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевқа арналған «Кемел Тоқаев – детектив жанрының дарабозы» атты  еске алу кеші өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы облыстық Білім басқармасы.

Шараның мақсаты – ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға Кемел Тоқаевтың шығармашылығымен таныстыру. 

Кемел Тоқаев қазақ әдеби ортасында кеңінен танымал, ол Қазақстанда детектив  жанрының негізін қалаушы. 1948 жылы ол С.М.Киров атындағы Қазақ  мемлекеттік университетін бітірді. Республикалық газет–журналдар редакцияларында жауапты қызметтер атқарды, «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Ведомстволарының» бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.

Ұлы Отан соғысының I-II-ші дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Үштөбе қаласындағы орта мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілген, мектеп өзінің Мемориалдық мұражайын мақтан тұтады. 2020 жылы Омбы қаласында (Ресей) қазақ майдангерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

Іс-шараны Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова ашып, белгілі журналист, ақын, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматыдағы бөлімшесінің жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы модератор болды.

Кеште сөз сөйлегендер: Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ.Есдаулет, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Қожахметова, «Өнер» баспасының басшысы А.Көпіш,  Алматы облысы Білім басқармасының басшысы С. Беспаева,  кешті ұйымдастырушы, кемелтанушы,  «Құрмет» орденінің иегері Б.Айжігітов.

Кеш бағдарламасында Кемел Тоқаевты еске алуға арналған «Туралықтың туын көтерген» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде ҚР Орталық архиві мен Ішкі істер министрлігі музейінің бейнероликтері мен құжаттары пайдаланылған. Алматы облысының №16, Д.Қонаев атындағы №3, О.Жандосов атындағы орта мектеп оқушылары жазушының шығармаларынан үзінді оқыды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел Тоқаев – жазушы, журналист, қайраткер» атты кең көлемді безендірілген кітап көрмесінде жазушының: «Солдат соғысқа кетті», «Ізші», «Аржақтағы арпалыс», «Тайғақта» және т.б. кітаптары, оның редакторлығымен шыққан газет-журналдар, жазушының мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары және өмірі мен қызметі туралы материалдар ұсынылған.

Қатысушылар: қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар, Алматы қаласы кітапханашылары, студенттер мен оқушылар, оқырмандар және БАҚ («Қазақстан», «Жетісу») өкілдері қатысты.

0e2eca48 f328 45ec a68e 4f4fff89d8e9   9f2c964a 08bb 46f5 ad75 8df6156d205d   32abaf16 4f5b 4da5 955d 0cc0f4303cf8   b214891b 6746 47f1 82df 4f5d0aab5685
7b50667d 9591 41e8 86e8 5d44c6f27916   8761bd1b f3d3 44bd bc7e d0b9bacf01bc   dc802c8b 67bf 47b7 b942 e0b59cceb40e   0d96680f d642 47ec a9ce 742cc4906f4e