+7 (727) 267-28-83

репсублика күні

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында 25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

"Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып  жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік,  патриотизм мен  Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. 2009 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына бұл күнді мерекелеуді алып тастау туралы өзгертулер енгізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы маусымда Ұлттық Құрылтайдың отырысында мерекені қалпына келтіруді ұсынды.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Қазақ КСР  егемендігін жариялап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Онда тұңғыш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және татулығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді бекіту мемлекеттілік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.

          Кітап көрмесіне шақырамыз!