+7 (727) 267-28-83

Безымянный

6 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстан авторлары қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен «Қоғамның дамуындағы авторлық құқықты қорғаудың рөлі» атты Халықаралық конференция өтті.

 

Конференцияның мақсаты – авторлық және сабақтас құқық саласындағы әлемдік ұйымдармен одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және  өзара іс-қимылды күшейтуге жол ашу.

Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, Өзбекстан, Әзірбайжан, Молдова, Грузия, Швеция елдеріндегі қоғамдық ұйымдардың басшылары және ҚР Үкіметінің, министрліктердің өкілдері, шығармашылық одақтардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, авторлар, композиторлар, ақындар қатысты.

Конференция онлайн және оффлайн  форматында (zoom платформасында) өтті.

09de5557 4219 4582 bba0 d999490e501b   179ac1ce 7551 4cfa 9381 364fd9e14957