3 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған халықаралық симпозиум өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты –Кванжу қаласының (Оңтүстік Корея) Квангсангу префектурасы әкімшілігі мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасындағы ғылым, әлеуметтану, экономика, білім, мәдениет және өнер саласындағы өзара ынтымақтастық деңгейін арттыру.
ҚР Ұлттық кітапханасының атынан директордың орынбасары А. Х. Юсупова құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара модераторы Конам университетінің (Корея) ректоры - Чхве Енг Хва жүргізді.
Дөңгелек үстелде «Корей соғысы және босқындар: «Сокчодағы «Абай» ауылының бірегейлігі және оның өнері», «Ежелгі әдет-ғұрыптарды сақтаудан бастап жергілікті үстем рәсімдермен араласуға дейінгі салттық дәстүрлердің өзара әсерімен байланысты Орталық Азия корейлерінің салттық мәдениетінің ерекшеліктері», «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасындағы корейлер (Қазақстан корейлері, Қазақстанның оңтүстік корейлері, Корея Республикасының корейлері): бірегейлік, қатар өмір сүру және ынтымақтастық», «Тәуелсіздік дәуірінде корей диаспорасының экономика саласындағы ықпалын күшейту және Корей-Қазақстан экономикалық ынтымақтастығы», «Корей диаспорасы: қазақстандық корейлердің өмірі (диаспораның егде жастағы өкілдерінің өмір жолын сипаттау)» және т. б.
Кореядан келген қонақтар ҚР Ұлттық кітапханасына заманауи ноутбук пен Квангсангу префектурасы мен ҚР Ұлттық кітапханасы арасындағы достықтың символы ретінде ағаштан жасалған Кванжу қаласының пейзаждары бейнеленген шағын қабықпен көмкерілген қолдан жасалған бірегей табақшаны сыйға тартты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Квангсангу префектурасы жанындағы «Вольгок» ТМД корейлерінің мәдени орталығы, Хонам университеті жанындағы әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулер институты, «Абстрактілі мәдениет» зерттеу институты, «Корёинмаыль» кварталындағы әлеуметтік және гуманитарлық мәдениетті зерттеу институты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |