+7 (727) 267-28-83

рос

29 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында «Ресей – Қазақстан. Мәдени мұра» халықаралық фестивалі аясында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігінің және Шетелдік орыс мұрасы қорының қолдауымен Ресейдің жаңартылған кітап бұрышының тұсаукесері мен кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті, сонымен қатар, «Русские корни американского джаза» атты бірегей концерт ұсынылды.

Іс-шараны  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.

 Кешті Орталық Азия Қорының бағдарламалар ұйымдастырушысы Алексей Глазырин жүргізді.

Құттықтау сөз сөйлегендер: Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Евгений Бобров, Шетелдік орыс мұрасы қорының басшысы Елена Чернышкова, Ресей Федерациясының консулы, Ресей Ынтымақтастық өкілдігінің өкілі Татьяна Барышникова. ҚР Ұлттық кітапханасы үшін aрнайы жеке жоба ретінде  заманауи кітапханалық жабдықтарымен жабдықталған Ресей кітап бұрышының жаңартылған дизайны ұсынылды. Оқырмандар үшін жұмыс жасауға ыңғайлы эргономикалық және ашық түсті сөрелер орналастырылды.

Салтанатты жиында Кітап табыстау актісіне қол қойылды.

Ұлттық кітапхана қорына Ресейдің тарихы мен мәдениетіне қатысты әдебиеттер, сондай-ақ орыс эмиграциясы тақырыбына арналған 300 кітап сыйға тартылды.

Кітапхананың Үлкен залында «Русские корни американского джаза» атты джаз концерті өтті. Танымал музыканың беймәлім беттері туралы белгілі музыкатанушы, әнші және джаз мәдениетінің қайраткері Аравина Ирэна Юрьевна айтып берді. Сондай-ақ, ол JAZZ HOUSE командасының сүйемелдеуімен Дж.Гершвин, Л.Бернстайн, И.Берлин және т.б. композиторлардың шығармаларын орындады. Команда құрамында Қазақстанның атақты джаз орындаушылары бар: Гоча Сирадзе (пианино), Сергей Каргополов (барабан), Владимир Осипов (гитара), Валерий Насибулин (бас). Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасындағы фестивальге арнайы дайындалған.

Шақырылған қонақтардың арасында: Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері болды.

f4924bb4 ab9f 41c2 9cbf 5d23dc22c9be   Без названия   35d95927 eb1f 4649 93f1 5752b4d4d40d   b11c6439 01d4 48e8 96b8 f33b17d56930
Без названия 1   Без названия 2   Без названия 3   8f93e366 32ff 4427 9992 fca1655f54b5