+7 (727) 267-28-83

99e58352 e4e9 4168 975a c664f0706e09

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық байқауы аясында қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына, сондай-ақ 2022 жыл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы болып жариялануына орай мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара әнші Сәкен Қалымовтың «Абай жолы» телесериалынан Мұхтар Әуезовтің тұлғасын ашатын монологпен басталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы кіріспе сөз сөйледі.

Іс-шарада ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағы басқарма Төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының Білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі баспасөз кеңесшісі Ананд Кришна мырза және басқа да құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақ» және «Шалқар» радиоларының дикторы, профессор Аманжан Еңсебайұлы М.О. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқыды.

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында «Меломан» кітап дүкендерінің желісі мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев кітапханаға 200-ден астам жаңа кітап сыйлады.

ҚР Ұлттық кітапханасының «Әжелер тобы» би билеп,  «шашу» шашты. Ақын, айтыскер Талант Арынғали  арнау орындады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Қажыби Қостыбай домбырамен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Мерекелік іс-шара барысында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық байқауының қорытындысы жарияланды. Кітапхана директоры Б. Оспанова «Бас жүлде» иеленген жеңімпаз – Алматы облысы Қарасай аудандық кітапханасына тағайындалған ноутбукты, директоры Өтеева Ұлдархан Қаханқызына табыстады. Байқаудың келесі жеңімпаздарына сыйлықтар Алматыға келгенде табысталатын болады.

Мерекелік іс-шараның барлық қатысушылары алғыс хаттармен және  естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шарада М.О. Әуезовтің жанды дауысы тыңдалып, Ұлттық кітапхананың жас мамандары арнау өлеңдер оқыды.

Мерекелік кешке 200-ден астам адам, ақын-жазушылар, әдеби жұртшылық, СІМ, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, оқырмандар, студенттер, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

3665c96f ae23 4327 8bd6 ae5c06eae4f9   5ea818e1 bcbe 4291 b212 112cd8c7123a   0e9e5877 2ef0 4f8e ad69 d5982fb5e95f   6b40a8d8 171e 4d53 b723 408a480c879d
8b891508 46d5 4a65 8d2a b9206c2aaf2f   85103701 9a36 449e b6f1 a58c8d46984c   ab905df1 b3f9 420a b4ff 05def3e3312f   a8ea386e 8564 4588 a21f f1f4052b9c2e