+7 (727) 267-28-83

диор27 қыркүйекте Н. Дәулетова атындағы залда «DIOR МУЗАСЫ: Шанхайға оралуы» кітабының тұсаукесері өтті.

Экономика ғылымдарының докторы, дипломат Берлин Иришевтің «A Pearl of the Orient at DIOR» атты кітабы әйгілі Кристиан Диордың музасы, аты аңызға айналған париждік манекенші, этникалық қазақ қызы Алла Елшінге арналған. Алғаш рет «Dior музасы. Алла Ильчун хикаясы: адам әлемін жаулаған қазақ қызы» кітабы 2019 жылы  орыс тілінде жарық көрген. 2022 жылы қытай тіліне аударылып, Бейжіңдегі ең ірі «Citic Press Corporation» баспасында басылып шықты.

Іс-шараның модераторы: «Атамекен холдинг» директорлар кеңесінің төрағасы Айтжанов Ұзақбай Рүстемұлы.

Кітап авторы Берлин Иришев тұсаукесерде кітаптың құрылу тарихы туралы айтып берді, сонымен қатар әйгілі сәнгерлердің Алла Елшін туралы айтқан пікірлері бар бейнематериалдар көрсетіліп, оған арналған өлеңдер оқылды.

Қаны қазақ француз моделі туралы кітаптың шығуы 1,5 миллиард халқы бар  Қытайда ерекше бағаға ие. Алла Қуантханның әкесі, қызы  Алланы 1936 жылы Парижге Шанхай портында шығарып саларда, оны Шанхайға Шығыстың інжу-маржаны –  сән жұлдызы болып «қайтып оралады» деп ойлаған жоқ.

Бұл Франциядағы Қазақстандықтар қауымдастығы зеттеу тобының арқасында 86 жылдан кейін орын алды. Алматыда, Мәскеуде, Парижде және Бейжіңде деректі фильм шығарылып, кітаптар жарық көрді. Кітапта модельдің жеке басын ашатын, оның өмірі мен шығармашылық жолы туралы сыр шертетін мұрағаттық құжаттар жинақталған: отбасылық мұрағаттағы сирек фотосуреттер, жалғыз ұлы туралы естеліктер, сән тарихшыларының пікірлері, сондай-ақ халықаралық өнертанушы ғалымдардың сараптамалық пікірлері. Алланың тарихы мен тұлғасы әлемдік тұғырға қайта оралды.

Тұсаукесерге қатысқандар: қазақ қоғам қайраткері, ақын Сүлейменов Олжас Омарұлы; Норвегиядағы қазақ отандастары диаспорасының өкілдері; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері; «Сымбат» дизайн және технологиялар академиясының студенттері; Халықаралық қазақ-қытай тілдік колледжінің студенттері.

диор11   465d518b 7a6a 40ce 8f79 f08db60e68d5   a868e53e c455 4867 acb6 39a0bd65f241