+7 (727) 267-28-83

22222222

26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» гала-концертінде көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру. Іс-шара ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның имиджін көтеруге, азаматтардың полиция қызметкерлеріне және Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне деген құрметті көзқарасын қалыптастыруға, олардың қоғамдағы беделін нығайтуға бағытталған.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Менің Отаным – Қазақстан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне қойылған кітаптармен «Қазақстан кітаптары» қызметі тобының жетекшісі Қасымбекова Құттықыз бен кітапханашы Саева Нұржамал таныстырды.

Концерт қонақтары: студенттер, мектеп оқушылары, әскери оқу орындарының курсанттары, Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, Алматы қаласы «Шаңырақ» ардагерлер үйі мен Офицерлер үйінің өкілдері және ардагерлер болды.