+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі:

Абенова Жазира Амангелдіқызы

Байланыс тел.: +7-727-272-16-04

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Қызмет туралы мәлімет:

Қызмет сандық түрге көшіру арқылы кітапхананың электрондық құжаттар қорын қалыптастырады (ұлттық қорға басымдылық беріледі), ҚР Ұлттық кітапханасының қорын сандық түрге көшіруде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, оқырмандардың электрондық құжаттарды еркін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Кітаптарды және басқа да басылымдарды сандық түрге көшіру келесі категориялар арқылы жүзеге асырылады: жалғыз данадағы және жиі сұраныстағы «Қазақстан кітаптары» мұрағаттық қорындағы басылымдар; Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы сирек кездесетін, аса құнды және көне басылымдар; музыкалық шығармалар мен ноталар; «Қазақстан: өткені мен бүгіні» дерекқорындағы мақалалар.
Қызмет құрамында Бейнелеу студиясы жұмыс істейді, оның негізі «Zeutschell» неміс компаниясының «TTI Repro-Graphic Workstation 3040» аталатын үлкен форматты, жоғары мүмкіндікке ие сканері болып табылады. Бейнелеу студиясы «Қазақ», «Еңбекші қазақ» газеттерін электрондық түрге көшірді, қазіргі уақытта «Социалды Қазақстан» газеті сандық түрге көшірілуде.
 
Негізгі міндеттері:

- арнайы қорларды сандық түрге көшірудің жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық кітапханасының қорындағы құжаттарды сандық түрге көшіру;
- баспа басылымдарының электрондық нұсқаларын пайдалану құқықтарын алу жөнінде авторлармен келісім-шарт жасау;
- Интернет жүйесіндегі еркін қолдануға арналып орналастырылған электрондық құжаттарды іздеу және пайдалану;
- электрондық құжаттарды сақтау және мұрағаттау.

Қызметтің  электрондық кітапхана қалыптастыру жұмыстарына қатысты жобалары:

- «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (ҚазҰЭК)» ;
- «Қазақстанның қазіргі әдебиеті».

Сайтта

Қазір сайтта 309 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.