+7 (727) 267-28-83

аасанбай

20 қыркүйекте Н. Дәулетова  атындағы залда мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Кескекті заманның кесек тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел және С.Қ. Шілдебай мен З.М. Төленова құрастырған «Асанбай Асқаров: құжаттары мен материалдар» атты 2 томдық жинақтың тұсаукесері  өтті.

Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтымыздың мақтанышы Асанбай Асқаровтың өмір жолын, шығармашылығын және қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлік-тұлғалық өнегесін дәріптеу, насихаттау. Асанбай Асқаровтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін бағалау.

Жинаққа көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың архивтерден жиналған құжаттары мен материалдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары тұңғыш рет енгізіліп отыр. Жинақ қайраткердің туғанына 100 жыл толуына арналған.

Іс-шараны алаштанушы, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай жүргізді.

Сөз сөйлегендер: Д. Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Елдар Қонаев, зерттеуші-ғалым, баспагер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Мұхтар Қазбек, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Қансейіт Әбдезұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбай, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Орталық Мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай және т.б.

Шара барысында «Қазақ халқының ұлы азаматы» атты Асанбай Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, белсенді азаматтар,  БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары, студенттер мен оқушылар  және  т.б.

Без названия   Без названия 1