+7 (727) 267-28-83

ГО

15 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы № 23 мектеп-гимназиясында қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, ақын Ғали Ормановтың 115 жылдығына арналған әдеби кеш өткізді.

Іс-шара «Қазақстандағы балалар жылы», «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Сырлы сезім ақыны» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты – ақын, аудармашының шығармашылығын жан-жақты насихаттау, оқырмандарды Ғали Ормановтың әдеби мұрасымен таныстыру.

Кеш аясында «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Бердалиева Күләйхан Әкешақызы, кітапханашы Миралинова Нұргүл Қымбатбекқызы кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жас маманы Шархан Мұхаммед-Қанапия домбыраның сүйемелдеуімен Ғ.Ормановтың әндерін орындады.

Іс-шараға Алматы қаласындағы №23 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен әкімшілігі, оқушылары қатысты.