13-14 қыркүйекте Ресей кітап одағы ТМД елдерінің қатысушылары үшін Достастықтың ІІ Оқырмандық Ассамблеясын өткізді, онда кітап шығару саласы бойынша елдердегі жағдайлар талқыланып, үздік тәжірибелер анықталды, кітап индустриясын дамыту бойынша бірлескен жұмыс нұсқалары ұсынылды.
Ассамблеяда «Білім беру контуры және кітапханалар» секциясының сарапшысы ретінде «Қорларды қабылдап алу, бақылау және толықтыру» қызметінің топ жетекшісі Смағұлова Гүлмира Байжұмақызы қатысып, «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құжаттық мұраны сақтау саласындағы халықаралық кәсіби тәжірибе алмасуы» тақырыбында баяндама жасады.
Ассамблеяға мемлекеттік билік мекмелерінің, қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың мамандары (баспагерлер, кітап сатушылар және т.б.), Ресей мен ТМД елдерінің жазушылары, сонымен қатар қызметі әдебиетпен, кітаппен және біліммен байланысты мамандар қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |