+7 (727) 267-28-83

консервация

6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары онлайн форматта «Кітапхана қорларын жаппай зерттеуді ұйымдастырудың өзекті аспектілері: Ресей мемлекеттік кітапханасының тәжірибесі» атты ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Бұл семинар 2022 жылғы Ресей мемлекеттік кітапханасының қорларды сақтау, қамтамасыз ету басқармасының кешенді сақтау жобалары бөлімі  әдістемелік қызметінің қорытындысын шығаруға арналған.

Ресей мемлекеттік кітапханасы қызметкерлері мен шақырылған сарапшылардың бірлескен қызметі Бүкілресейлік кітапхана қорларының жай-күйіне мониторинг жүргізу аясында екінші зерттеу жүргізудің жаңартылған әдістемесін дайындауға арналды.

Әзірленген әдістеме 2022 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында Ресей мемлекеттік кітапханасының қоры негізінде және бірқатар федералды кітапханаларда сынақтан өтті. Семинарда әдістемені әзірлеушілер, Мәскеу және басқа облыстардағы кітапханалардың сарапшылары, кураторлары мен консерваторлары сөз сөйледі. Жұмыстың нәтижелері бойынша кітапхана қауымдастығына: көп сатылы стратификацияланған іріктеу негізінде кітапхана қорларының жай-күйін жаппай бағалау әдістемесі, әдістемелік және технологиялық материалдар жинағы және қорларды жаппай зерттеу сауалнамасын жүргізу бойынша бейне оқулықтар ұсынылады.