+7 (727) 267-28-83

a2f9b612 10d5 44b0 bf90 27c368f0c441

5 қыркүйекте Алматы қаласындағы Достық үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және Қазақстан этностарының тілдері күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Қазақ руханиятының көсемі» атты  көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Қазақ  руханиятының  көсемі» атты кітап көрмесі келесі материалдарды ұсынады: энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, көркем әдебиет және ағартушы туралы  әдебиеттер.  Кітап көрмесінің мақсаты ─ ұлы қайраткердің еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру. Кітап көрмесімен ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ. Қасымбекова мен Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Ш. Кошенова таныстырды.

Кітап көрмесін зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері және көпшілік қауым тамашалап, қызығушылық танытты.

көрме   көрме1