+7 (727) 267-28-83

31621875 ed0f 4130 8f6d 212c03fa17eb

5 қыркүйекте Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында өткен қазақтың қоғам және саяси қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт ұстазы» атты конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұйымдасырушы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы.

Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық  кітапханасының қорынан  Ахмет Байтұрсынұлының туып өскен жері мен өмір жолы туралы материалдар, поэмалары мен лирикалық өлеңдері, шығармаларының аудармалары, Ахмет Байтұрсынұлын әртүрлі қырынан зерттеген ғалымдардың басылымдары қойылды. Кітап көрмесімен ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ. Қасымбекова таныстырды.

Атаулы кітап көрмесін зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, студенттер, жоғары оқу орындарының кітапханашылары мен  көпшілік қауым тамашалап, қызығушылық танытты.