+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі:

Изамбекова Қаншайым Мұсақызы

Байланыс тел.: +7-727-267-28-75, 267-28-50

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


Негізгі бағыттары:


ҚР Ұлттық кітапханасының қорын кітапхананың тақырыптық-құрылымдық үлгісіне сәйкес отандық баспа басылымдарының, Қазақстан туралы әлем халықтарының тілдерінде басылып шыққан кітаптар мен басқа да құжаттардың, ТМД және шетел баспа басылымдарының барлық  түрлерінің топтамаларымен жүйелі түрде  толықтыру.

Кітапхана қорын толықтыруды әмбебап құрамды, әралуан түрдегі және тілдегі барлық басылымдар мен құжаттарды жинақтау арқылы қамтамасыз ету;
Республикалық бюджет бағдарламасынан бөлінген қаржыны әдебиеттер және мерзімді       басылымдар түрлерін сатып алуда тиімді пайдалану.

Негізгі қызметтері:

  • ҚР Ұлттық кітапханасының қорын толықтырудың тақырыптық- құрылымдық  үлгісін жасау және іске асыру;
  • Ағымдағы және ретроспективті кітап қорын толықтыру ісін кітапхананың басқа  құрылымды бөлімшелерімен бірлесіп жүргізу;
  • ҚР Ұлттық кітапхана қоры қозғалысының есебін жүргізу;
  • Баспа басылымдарының міндетті даналары, сатып алу, сыйға алу, кітап алмасу (ТМД елдерінен және халықаралық кітап алмасу), мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар секілді қорды толықтырудың негізгі көздерімен жұмыс жүргізу;
  • Кітапханаға түскен басылымдарды Web-RABIS бағдарламасының «Қорды толықтыру» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, компьютерге енгізу және оны тиісті бөлімдерге тапсыру. 

Құрылымы:
-  Қазақстан Республикасының басылымдарымен толықтыру секторы;
-  ТМД елдерінің басылымдарымен толықтыру секторы;
-  Шет ел басылымдарымен толықтыру және Халықаралық кітап алмасу секторы;
-  Мерзімді басылымдармен толықтыру секторы.