+7 (727) 267-28-83

диссертацияС. Зиманов атындағы диссертациялар залында кандидаттық және докторлық диссертациялар мен авторефераттардың жаңа түскен басылымдарына көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге қазақстандық ғалымдардың түрлі салалардағы жаңа ғылыми еңбектері қойылды. Құжаттар ашық қолжетімділік режимінде көрсетіледі. Экспозиция тоқсанына бір рет ауыстырылады.     

Ұсынылған жұмыстар: филология - Заурбекова Ляззат Жанатқызының «Көркем мәтіндегі тілдің функционалды прагматикалық аспектілері»; педагогика және психология - Оспанова Бибігүл Қанатқызы «Педагогты инклюзивті білім беру ортасына кәсіби бейімделуге даярлау»; химия - Ақатан Қыдырмолла «Өсімдік тектес наноцеллюлозалық материалдар алу және олардың қасиетін зерттеу»; металлургия - Юлусов Султан Балтабаевич «Разработка технологии получения концентрата редких и редкоземельных металлов из урансодержащего сырья»;  тарих - Абдукаримова Жанара Кадировна «Советское детство в годы войны (1941-1945 гг.): история и повседневность (на материалах Центрального Казахстана)» және т.б.

Көрмеде қазақ және орыс тілдерінде ғалымдардың ғылыми еңбектері мен ТМД елдері ғалымдарының ағылшын және басқа тілдерде авторефераттары қойылған.

 Ғылыми қызметкерлер мен магистранттарды және PhD докторанттарды көрмемен танысуға шақырамыз.