+7 (727) 267-28-83

25 тамызда Ғылыми-әдістемелік қызметінің мамандары - жетекші Г.А.Маханбетова және қызметкерлер: Р.Қ.Мыспаева мен А.Қ.Мухарам ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігі, қызмет және бөлім басшылары мен топ жетекшілері үшін кәсіби жаңа әдебиеттердің библиографиялық шолуын өткізді. Қатысушыларға ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа түскен мерзімді басылымдар ұсынылды.

Сондай-ақ, мамандар «Кітап & Кітапхана», «Kitap patshalygy.QZ», «Вестник БАЕ», «Кітапханатану, «Ғылыми және техникалық кітапханалар», «Кітапхана ісі» сияқты кәсіби журналдарда жарияланған өзекті тақырыптармен және мақалалармен танысты. «Қазақстан кітапханалары - 2021 ж.: мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы және «ТМД елдерінің ұлттық кітапханалары: әріптестікті дамыту» атты Ресей мемлекеттік кітапханасы басып шығарған монографиясы ұсынылды.

Кітапхана мамандары кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар туралы ақпаратты тыңдап, шет елдердегі ерекше кітапханалармен және кітапхана ісіне қатысты АҚШ заңнамасындағы өзгерістермен танысты. Теориялық білімді өз бетінше алу және оларды тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстар берілді. Шолу қызметкерлердің көңіл-күйін көтеру үшін тренинг-жаттығулармен аяқталды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы шетелдік кітапханаларда, атап айтқанда АҚШ-та әкімшілік және қылмыстық заңнама саласында құқықтар мен мүдделерді қорғау туралы жарияланған материалдарды зерделеуді ұсынды.