+7 (727) 267-28-83

image 25 08 22 01 21 1

25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы жұмысының форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының қорытынды сабағы өтті.

Қаржылық сауаттылық – қазіргі қоғамдағы маңызды дағды, оны балаға ерте жасынан дамыту қажет. Бұл курстарда балалар ақшамен және қаржы қаражатпен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын меңгерді. Балалар курсты зор ықыласпен тыңдап, сабақтардан әрқайсысы пайдалы білім алды.

Қорытынды күні балалар болашақта кім болғылары келетіні және оған жету үшін не істеу керектігі туралы өз жобаларын ұсынды. Әрбір қатысушы қойған мақсатына жету жолын дайындап, айтып берді.

Барлық қатысушыларға «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсын бітіргені туралы сертификаттар және «Freedom Finance Life» компаниясының естелік сыйлықтары табыс етілді.