+7 (727) 267-28-83

244424 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына елімізге танымал жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан  Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты Кәдірбек Сегізбайұлы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Қаламдастар, қарайластар(Әдеби пікірлер)» атты кітабын сыйға тарту етті.

Бұл кітапта жазушының жарты ғасырда жарыққа шығарған прозалық кітаптары туралы оқырмандары мен  белгілі қаламгерлердің пікірлері берілген. Оқырман игілігіне жол тартқан бұл  кітап әдебиет арнасында өз жолын тауып әр кезеңде оқырманды тың туындылармен тамсандырған белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы туралы  жаңа тың деректер береді.

 Сонымен қатар, жазушы Сегізбайұлы К. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Тағдыр толқыны (үлкен тарихтың  кішкентай бөлшегі)» атты романын кітапхана қорына сыйға тартты. Үш салаға бөлінген бұл  роман ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының басынан өткен қиын-қыстау дәуір шындығын арқау еткен. Бұл кітап бүгінгі жастарға тәлімдік, адамгершілік, Отансүйгіштік, туған жерге деген құрмет, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетеді. Шығармадағы этнографиялық құнды деректер шұрайлы тіл, қазір қолданыстан ұмытыла бастаған қанатты тіркестер мен мақал-мәтелдер оқырманның көңілінен шығады деген ойдамыз.