+7 (727) 267-28-83

30к

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов  атындағы оқу залында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Конституция – бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі  құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады.      

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өтетінін жариялады. Президенттің айтуынша, түзетулердің мақсаты «жаңа мемлекеттік үлгіге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына» көшу, суперпрезиденттік басқару нысанынан ықпалды парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшу.

2022 жылдың 5 маусымында өткен референдум енді әрбір азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік береді және халық ерік-жігерінің жарқын көрінісіне айналады, жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстан құрылысының бағытын  нығайтады..

Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту.

Кітап көрмесінде мемлекет тарихы және құқық, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы туралы әдебиеттер ұсынылған. Сонымен қатар қазақ халқына ортақ заңдастыруларды қамтитын тарихи кезең туралы материалдар жинақталған, ол хан Тәукенің (17 ғ. 2-жартысы) мемлекетті бекітетін негізгі заңы «Жеті жарғы» қызметін атқарған. қазақтардың жүйесі мен феодалдық құқығы; С.Сартаевтың «Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасуы» (2002 ж.) және «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген «Қазақтың ата заңдары». (2006 ж.) басылымдары,  Конституциясының рөлі мен маңызы жайлы ғылыми конференция материалдары  және т.б. көптеген материалдар ұсынылған.

                                                  Кітап көрмесіне шақырамыз!