+7 (727) 267-28-83

17тамыз

17 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының кезекті сабағы өтті.

Бұл курсты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance холдингі әзірлеген. «Freedom Finance Camp» - балаларға арналған тегін білім беру лагері. Лагерьдің мақсаты – балаларға ақшаның не екенін, оның айналымын қалай жүргізу туралы, ақша табуды, үнемдеуді және тиімді жұмсауды қарапайым және түсінікті түрде жеткізу.

Бұл сабақта балалар өздері дайындаған жұмыстарымен таңыстырды. Одан кейін оқыту табыстың мәні мен түрлері, жұмыспен қамту, фрилансер және кәсіпкер болып табылатындар, активтер мен міндеттемелер туралы, жоспарлау және бюджеттеу туралы және т.б. тақырыптар бойынша тренинг жалғасын тапты.

Курсты «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының тәлімгері Досниязова Үміт Қуанышбекқызы жүргізді. Балалар белсенді қатысты, сұрақтар қойып, жауап берді, бюджетті жасап, есептеді.

 DSC0171    DSC0173    DSC0178