+7 (727) 267-28-83

абай

10 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Абай күніне арналған  «Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік іс-шара өтті.

Бұл күні Ұлттық кітапхананың бас кіреберісі мерекелік безендіріліп, ерте таңнан бастап Абай әндері шырқалып тұрды.

Іс-шараны Ұлттық кітапхана директоры Б.Оспанова салтанатты түрде ашып, барлық қатысушыларды Абай күнімен құттықтады. Іс-шараны жазушы және әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Елдос Тоқтарбай жүргізді.

Құттықтау сөзбен белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Асылы Осман, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев сөз сөйледі.

Іс-шарада Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. М. Әуезов атындағы  Ұлттық қазақ драма театрының актері Болат Әбділманов Абай рөлін сомдап, спектакльден үзінді көрсетті. Республикалық академиялық неміс драма театрының актрисасы және Алматы қаласының орта мектеп оқушылары Абайдың «Қара сөздерінен» өлеңдерін оқыды. Халық әндерін орындаушы Еркін Шүкіманов Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындады.

Абайдың әндерін неміс тіліндегі Республикалық академиялық неміс драма театры жанындағы Katzen Piloten Балалар музыка студиясының оқушылары орындады. Сондай-ақ, ақын әндерінен попурри орындалды. Алматы қаласындағы Ресей Бас консулдығының қамқорлығындағы мектеп оқушысы Абайдың 37-ші қара сөзін оқыды.

Кітапхана қызметкерлері Абайдың орыс, қытай, ағылшын тілдеріне  аударылған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Абай өлеңдері «Жас қалам» әдеби клубының қатысушылары да оқыды.

Алматы қаласындағы  жетекші баспалар (Атамұра, Алматыкітап, Көкжиек, Мазмұндама, Қасым және т. б.) кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Кітапхананың жас қызметкерлері мен оқырмандарының қатысуымен «Атымды Абай қойған сон...» акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында кітаптарды сыйға тарту және барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті. Журналист, жазушы-абайтанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Ұлттық кітапхананың ғылыми хатшысы  Б.Ж. Жүнісбеков «Абайдың ақын ұлдары», «Абай сәулесі» атты кітаптарын қолтаңбасымен қойып, қатысушыларға сыйға тартты.

Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы «Абай» әдеби орталығының қызметімен және оқу залдарында ұлы ақынға арналған кітап көрмелерімен танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шараға  ақын-жазушылар, баспагерлер, оқырмандар, студенттер мен оқушылар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

4f4a223e a9b4 457f 9ca7 efea9eca848c   20e3df9c deaa 41a8 b9f0 e3edb2774112   710ef899 4606 4156 be8b ecb8462a6ae5   b8b6e6e4 fcdf 4270 a227 ea095d9489e9
9fea0809 7983 4b52 b130 c14b77243d79   6972e4d6 4e80 4cd3 af0c 87eb1383a2dd   7b45f1dd a0b6 40dd 88e9 22f637a7ca8a