+7 (727) 267-28-83

bd6cd706 56b1 46c8 8695 c627c9dce063

10 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залы форматында 10-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Бұл курсты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Freedom Finance холдингі әзірледі – бұл «Freedom Finance Camp» балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру лагері.

Лагерьдің мақсаты – балаларға ақшаның не екенін, оның айналымын қалай жүргізу туралы, ақша табуды, үнемдеуді және тиімді жұмсауды қарапайым және түсінікті түрде түсіндіру. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары қор нарығы, бағалы қағаздар, сақтандыру, банктер және жылжымайтын мүлік дегеннің не екенінен ақпарат алады. Курс шығармашылық форматта және интерактивті ойындар арқылы өткізіледі.

Бірінші сабақта балалар ақшаның тарихы, әртүрлі елдердің валюталары  жоспарлау, шығыстар мен кірістер, т.б. туралы ақпарат алды. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, жауап берді.

358958e0 7e32 4fec b963 cbc9ecdc151a   e2b3d3a6 5dae 420f adc7 e15dd073dc61