+7 (727) 267-28-83

07082022

7 тамызда «Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында оқырмандардың белгілі қазақ жазушысы, драматург, жыршы, сатирик, сыншы, әдебиеттанушы, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық  сыйлығының лаураеаты, сценарист, киноактер, журналист, тележүргізуші Баянғали Әлімжановпен кездесуі  өтті.

Баянғали Әлімжанов 1954 жылы 16 қазанда Қазақ КСР Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Степняк қаласында (2017 жылдан Ақмола облысы Біржан сал ауданы) қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Орта мектептен соң, Алматыдағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

Баянғали Әлімжанов 1977 жылы университетті бітіргеннен кейін Сәбит Мұқанов мұражай-үйінде, «Лениншіл жас» (тілші), «Кітап жаршысы», «Қазақ әдебиеті» (әдеби редактор) газеттерінің редакцияларында қызмет етті; «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарының әдеби редакторы; «Қазақфильм» киностудиясында деректі фильмдердің редакторы болып жұмыс жасады.

Қазақ ақыны, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.  Қазақстандағы  Қырғыздың Манас батыр туралы эпосын айтушы - жалғыз манасшы. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1988), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1991). Халықаралық ақындар-импровизаторлар және жыршы-термешілер одағының мүшесі. Халықаралық Саяқбай Манасшы қорының мүшесі. Еуразиялық шығармашылық гильдиясының мүшесі (Лондон, 2019 ж.). Қазақ және орыс тілдерінде жазылған 60-тан астам кітаптың авторы. Кейбір шығармалары әлемнің бірқатар тілдеріне аударылған.

2006жылы Баянғали Әлімжановқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріқұрметті  атағы берілді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Б.Әлімжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы еңбектері,аудармалары оның мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалыры ұсынылды.

Іс-шараны «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қ.Н.Қасымбекова жүргізіп, кітап көрмесімен таныстырды. Жазушы өзінің шығармашылығына қатысты сан алуан сұрақтарға жауап берді. Кездесуге кітапхананың оқырмандары мен жас мамандары қатысып, Б.Әлімжановтың шығармашылығына зор құрметтері мен ниеттерін білдірді.Кеш соңында Б.Әлімжанов ҚР Ұлттық кітапханасының қорына «Абылай хан және оның батырлары»,»Жер Есі», «Манас.Семетай.Сейтек», «Далада жүз жыл», «Тамшы», «Пандемия», Батыр болмақ сойдан-дүр...», «Мейірімді Асқар» атты жаңа шығармаларын сыйға тартты.

070820   0708