+7 (727) 267-28-83

0408

4 тамызда Қазақстандағы балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясының залында балалар жазушысы Гүлнәр Жандыбаеваның авторлық тренингі өтті. Тренинг 5-11 жас аралығындағы балаларға арналып «Баланың жеке шекарасы» тақырыбында өткізілді.

Гүлнәр Жандыбаева - «Үнсіз құтырған фауна» және «Тамаша фауна», «Бесік жырлары» атты балаларға арналған ертегілер сериясының авторы. Оның ертегілерінің басты ерекшелігі және тақырыбы - бұл жануарлардың өмірін мейірімді, ғибратты және танымдық жағынан баяндауы. Ертегілер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Қызықты және танымдық тренинг ашық түсті суреттермен ойнау түрінде өтті және ата-аналар мен балаларға пайдалы болды. Тамаша, зейінді  жарқын ойлы жаттықтырушы зал мен қатысушыларды өзінің позитивті энергиясымен жігерлендірді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, олардың суреттерін салуға қатысты.

Шара соңында барлық қатысушыларға демеушілер атынан тәттілер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.