+7 (727) 267-28-83

begeldinov

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған "Әуе шайқасының қаһарманы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің 100 жылдығына арналған "Әуе шайқасының қаһарманы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын  ауданының Майбалық ауылында дүниеге келген. Бала кезінен ұшқыш болуды армандады. 1938 жылы Талғат Фрунзе қаласындағы аэроклубқа түседі. 1940 жылы Балашов әскери авиация ұшқыштар мектебіне (Саратовтың батысы) оқуға түсіп, кейін Чкалов әскери авиация училищесіне (Орынбор қаласы) ауысып, оны 1942 жылы бітірген.

144-ші гвардиялы шабуылдаушы авиациялық полкының құрамында Калинин, Воронеж, дала майдандарында соғысып, Украинаны азат етуде ерлік көрсетті. Соғыс жылдарында Талғат Бигелдинов 300-ден астам жауынгерлік ұшуларды жасады, 7 жау ұшағын атып, ондаған танктер мен зеңбіректерді жойды.

Соғыстан кейін, 1950 жылы Әскери-әуе академиясын бітіріп, 1956 жылға дейін КСРО Әскери-әуе күштерінде қызметін жалғастырды.  1957-1970 жж. азаматтық авиацияда жұмыс істеді. Қазақ КСР Азаматтық авиация Басқармасы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Өскемен қалаларында және басқа да облыс орталықтарында ұшу-қону жолақтарын құру бойынша жұмысқа жетекшілік етті. 1968 жылы Талғат Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай оқып бітірді, содан кейін Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс жүйесінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-3 және 12-ші шақырылымдарының депутаты (1946-1954 және 1989-1991 жж.).

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін екі рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, Ленин, Қызыл Жұлдыз, Алтын Жұлдыз ордендерімен, екі Қызыл Ту орденімен және басқа да медальдармен марапатталды.

Атақты ұшқыш Талғат Бигелдиновті еске алу құрметіне Көкшетау мен Фрунзе қалаларында (қазіргі Бішкек қаласы) бюст орнатылған. Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына оның есімі берілген. Ол туралы фильмдер түсірілді, құжаттар мен фотосуреттер Мәскеудегі Ұлы Отан соғысының басты мұражайының экспозициясында мәңгі қалды.

"Әуе шайқасының қаһарманы" атты кітап көрмесінде Талғат Бигелдиновтің өмірі мен қызметі туралы материалдар – энциклопедиялар, анықтамалықтар мен кітаптар ұсынылған: "305 рейд" (1966), "Илы атакуют" (1966), "Воздушные бои" (1967). Бұдан әрі көрме аты аңызға айналған ұшқыштың ерлігін дәріптейтін материалдарды, мерзімді баспасөз беттеріндегі ол туралы кітаптар мен мақалаларды ұсынады.

Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандарды Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлікпен және ұшқыштың ортақ Жеңіске қосқан үлесімен таныстыру, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кітап көрмесіне шақырамыз!