+7 (727) 267-28-83

pauloӘлем әдебиеті оқу залында «Бразилиялық прозашы және ақын Пауло Коэльоның  туғанына –  75 жыл»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әлем әдебиеті оқу залында «Бразилиялық прозашы және ақын Пауло Коэльоның туғанына – 75 жыл»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Пауло Коэльо - танымал, заманауи   бразилиялық жазушы, көптеген халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты, соның ішінде Францияның Құрметті легион ордені, Швейцария Дүниежүзілік экономикалық форумының (ДЭФ) Crystal Award және Италияның «Гринцане - Кавур» сыйлықтарының иегері.

Пауло Коэльо 1947 жылы 24 тамызда Рио-де-Жанейрода дүниеге келген. Оның барлық романдары әлемдік бестселлерге  айналды, олардың арасындағы «Алхимик», «Вероника решает умереть» және «Одиннадцать минут» еңбектерінің орны ерекше. Ол жалпы жиырмадан астам кітаптарын – романдары, түсіндірме хрестоматиялары, қысқа әңгімелер жинақтарын жарыққа шығарды. Пауло Коэльоның 86 миллионнан астам кітаптары әлемнің 150 елінде сатылған және 67 тілге аударылған. Оның романдарының тізімінде Борхестің «Истории о двух мечтателях» атты әңгімесіне негізделіп жазылған «Алхимик» атты еңбегі бар, ол 11 миллионнан астам данамен сатылып, әлемнің 41 тіліне аударылған және Коэльоның жанкүйері Лоуренс Фишберн түсірген фильмнің бастамасы болды. Сонымен қатар, ол «Паломничество» (Arxel Tribe компаниясы жасаған компьютерлік ойынның негізінде жазылған), «На берегу Рио – Пьедра села я и заплакала...» және «Валькирии» атты еңбектерін жазды. Оның шығармалары Бразилияда ғана емес, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда, Германияда, Канадада, Италияда, Израильде, Финляндияда және Грецияда ең көп сатылатын кітаптардың тізіміне енді. «Алхимик» еңбегі күні бүгінге дейін Бразилия тарихындағы ең көп сатылатын кітап болып табылады және ол туралы Гиннесс рекордтар кітабында айтылған. Коэльо - португал тіліндегі ең көп сатылатын кітаптардың авторы.

Пауло Коэльоның даналық пен мейірімділік тұнған пьесалары әлемнің үздік театрларының репертуарларына еніп, ал романдары экранға шыққан. «Вероника решает умереть» - 2005 жылы жапон режиссері Кэй Хория; «Вероника решает умереть» - 2009 жылы ағылшын режиссері және сценаристі Эмили Янг. 2014 жылы «Пилигрим: Пауло Коэльо» (Бразилия, Испания) фильмі экранға шықты, ол жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндайды.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесінде әлем халықтарының түрлі тілдеріндегі ол туралы кітаптар мен әдебиеттер ұсынылған: «Алхимик», «Брида», «Валькирии», «На берегу Рио – Пьедра села я и заплакала...»,  «Мактуб», «Книга воина света», «Вероника решает умереть», «Дьявол и сеньорита Прим», «Одиннацать минут», «Заир», «Подобно реке», «Ведьма из Портобелло», «Алеф», «Манускрипт, найденный в Акко», «Адюльтер». Автордың шығармалары қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ұсынылған.

Баршаңызды  кітап көрмесін  тамашалауға шақырамыз!