+7 (727) 267-28-83

marh mira07 шілдеде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузия бойынша «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім маршы  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық бейбітшілік және келісім марштарының Атқарушы комитеті.

Іс-шараның мақсаты – «Еуропа-Азия» Халықаралық бейбітшілік және келісім маршының мақсаттары, міндеттері, күтілетін нәтижелері, дінаралық диалогтың ғылыми тұжырымдамасын өткізу, талқылау тәртібі, өз Отанына деген патриотизм қағидаттарында Қазақстан халқын, мемлекеттік және қоғамдық секторларды топтастыру.

Шараны Бейбітшілік және келісім маршының атқарушы директоры, «Бейбітшілік және Келісім» Қайырымдылық қорының президенті, Халықаралық Көшбасшылық және Риторика Академиясының директоры Абдуллин Руслан Шавкатович жүргізді.

Іс-шарада сөз сөйлегендер: теолог, «Заря Восток» мешітінің бас имамы Ахметов Қазбек Пазылбекұлы, Қазақстан Православие Шіркеуі қоғамы мен шіркеулердің өзара қарым-қатынас жасау бөлімі төрағасының орынбасары, диакон Быструшкин Виталий, ЮНЕСКО-ның Олжас Омарұлы Сүлейменов басқаратын Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы Марденов Жұмат Жүкенұлы және т.б.

Қатысушылар: белгілі ғылым және қоғам қайраткерлері, ақындар, музыканттар, суретшілер.