+7 (727) 267-28-83

ауезов

29 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының  Н.Дәулетова атындағы залында көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай онлайн және офлайн форматта «М. О. Әуезов шығармашылығының халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараны Мәдениеттерді  жақындастырудың халықаралық  онжылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның ұлы жазушысы,  ғұлама ғалым  Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығындағы әдеби, қоғамдық-саяси және ғылыми идеялар мен құндылықтарды зерделеу және зерттеу. Көрнекті жазушының 125 жылдығын ұлттық және халықаралық деңгейде атап өту, ғылым мен мәдени-ағартушылықтың негіздерін біріктіру.

Конференцияда әлемге әйгілі ақын және қоғам қайраткері, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменов алғашқы болып сөз сөйлеп, шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының ғылыми қызметкері  Ерболат Әуезов жүргізді.

Құттықтау сөз сөйлегендер: «ТҮРКІСОЙ» ұйымының бас хатшысы, жазушы, драматург Султан РАЕВ(онлайн); АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Сэвидж Кэролайн; Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев; Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы  директоры  Бақытжамал  Оспанова; филология ғылымдарының докторы, профессор, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Бауыржан Жақып; Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың Президенті Эльдар Қонаев. 

Баяндамашылар: М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжан;  тарих ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының,  Петровская ғылым және өнер академиясының академигі,  Мәскеу журналистер Одағының хатшысы Лола Звонараева (Мәскеу, Ресей,онлайн); Қырғыз Республикасы ҒА Ш. Айтматов атындағы әдебиет институтының директоры Абдылжан Акматалиев (Бішкек, Қырғыз Республикасы, онлайн); жазушы, «Звязда» баспасының бас редакторы Александр Карлюкевич (Минск, Беларусь Республикасы, онлайн); Қазақстан Халқы Ассамблеясы Түркімен мәдени  орталығының директоры  Гульнар Атаевна Аннакулиева;  «М.О. Әуезов музей үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры  Диар Қонаев; М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі  Светлана Ананьева; М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлзия Пірәлиева;  филология ғылымдарының докторы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов; М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдаулет  Ақыш және т.б.

Шара барысында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Абдрахманов Абай әндерін орындады.

Сонымен қатар, конференция қонақтары ҚР Ұлттық кітапханасының залдарындағы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арнап ұйымдастырылған көрмелермен танысты.

Қатысушылар:  әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші мамандар, Қазақстаның және шетелдің  қоғам және мемлекет қайраткерлері, оқырмандар және  БАҚ өкілдері.

5f3047e5 0af9 4126 af30 fc9abbc2e020   d0e2832c 5fef 424b 936f a1fae0f8827b   6c6927f2 ba49 44fa 99a4 00d08dd4e737