+7 (727) 267-28-83

әдебиет

29 маусымда Әдебиет академиясының «Кітапханадағы жазғы демалыс» жобасы аясында белгілі балалар жазушысы, ақын, «Алаш» Халықаралық сыйлығының және «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгермен кездесу өтті. Іс-шара «Қазақстандағы балалар  жылы» және «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді.    

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында жетістікке жеткен қазақстандық жазушылардың шығармаларын көпшілікке тарату, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

Саят Қамшыгер - 1978 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Кезеңсу ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін үздік аяқтаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы N 138 гимназияда мұғалім, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын республикалық мектеп-интернатта, «Қайнар» университетінде аға оқытушы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.  2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші. 1996 жылғы «Поэзия көктемі» жыр мүшәйрасының жеңімпазы, 1998 жылы «Жұлдыз» журналы ұйымдастырған Артығали Ыбыраев атындағы жас ақындар мүшәйрасының, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің,  Астананың 10 жылдығына арналған республикалық, «Алаш және рух» жыр мүшәйраларының жүлдегері. 

Саят Қамшыгер - «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» және т.б. көптеген поэтикалық кітаптың, сондай ақ, балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің алғашқы танымым», «Менің сүйікті әліппем», «Тастамашы ана!» атты жыр кітаптарының авторы. С. Қамшыгердің шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Саят  А.  Баймұхаметованың «Детство без сказок»  кітабын  қазақшаға аударды.

Кешті кітапхананың жас маманы Лұқпанова Аяулым жүргізді. Әлемдік әдебиет және мерзімді басылымдар қызметінің қызметкерлері автордың кітаптары бойынша видеоряд, буккроссинг дайындады, кітап көрмесіне Алқамбай Аяулым шолу жасады, ақынның өлеңдерін Ернар Ергеш, Сәния Әбибекова оқыды, ал Шархан Мұхаммед-Қанапия өз арнауын белгілі ақын Саят Қашыгерге арнады. Кездесуге оқушылар, студенттер, кітапхананың жас мамандары қатысты.

fd54a1af 22b4 449f bbd2 10dbf1b538dc   7accbf7b 4ab7 4e75 a2be f11878bb7a15