+7 (727) 267-28-83

 

23маусыс

6-24 маусым аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ТЮРКСОЙ» кафедрасы «Шығыстану» факультетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында студенттер Түркия кітап бұрышының қорына библиографиялық шолу өткізіп, қорғады.

Шолуда тарих, мәдениет, тіл білімі, Түрік әдебиетінің көркем және аударма салалары бойынша басылымдар таныстырылды. Әсіресе, Ж.Құлахметова, Ш.Бегалы, С.Оспанова, Д.Таубайдың шолуларын ерекше атап өтуге болады. Олар кітаптардың мазмұнын ашып, тақырып бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Кітапхананың жас мамандары үшін Г.Қайрат, А.Бокен, А.Ахметкали, М.Тлеуберди, А.Сурамай, Н.Мамыкова, Ж.Кушкинбаева, М.Калмен және т.б. шолулары қызықты болды. Олар жаңа технологиялардың артықшылықтарын пайдалана отырып, буктрейлерлер, кітаптар туралы бейнероликтер жасап, кітаптардың аңдатпаларын қамтыды. Кітап туралы ақпараттан тұратын 3 минуттық бейнеролик  кітапты бірден алып, оқығың келетіндей  тартымды ұсынылды.

Қорғауға қатысқандар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен өндірістік тәжірибе жетекшісі Н.М.Шуиншина, ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Туякова, Р.Бердигалиева атындағы кітапханатану залының кітапханашысы Р.К.Мыспаева, ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі Г.Т. Рахимжанова.

IMG 5431   IMG 5422   IMG 5435