+7 (727) 267-28-83

21маусым

21 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда  белгілі ғалым, түркі-парсы зерттеулерінің маманы Джу-Юп Ли «QAZAQLÏQ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТAСУЫ. Постмонғолдық орталық Евразиядағы мемлекет және бірегейлік» атты кітабы аудармасының тұсаукесері және дөңгелек үстелі өтті.

Ұйымдастырушылар: «Shon» қоры, IFEAC, ҚР Ұлттық кітапханасы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих институты.

Тұсаукесерді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы және  «Shon» қорының президенті Нурова Гаухар Рахманбердіқызы  құттықтау сөзбен ашты.

«QAZAQLÏQ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТAСУЫ. Постмонғолдық орталық Евразиядағы мемлекет және бірегейлік» атты кітабының авторы Джу-Юп Ли  өзінің туындысын таныстырды.

Дөңгелек үстелді француз ғалымы, Француз Орталық Азияны зерттеу институтының (IFEAC) аға ғылыми қызметкері Гзавье Аллез жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты  Амантай Исин; Тарих ғылымдарының докторы Қанат Өскенбай; тарих ғылымдарының докторы, профессор  Айболат Көшкімбаев; Францияның әлеуметтік ғылымдары жоғарғы мектебінің ғылыми қызметкері, PhD докторы  Винест Фрунио; КИМЭП университетінің PhD докторы, профессор  Нығмет Ибадильдин; Әзірбайжан  ҰҒА шығыстану институтының PhD докторы  Фарда Асадов; тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Атығаев Нұрлан және т.б.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: тарихшылар, шығыстанушылар, аудармашылар, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері.

21мау   21маус   21маусы