2022 жылғы 17 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда ПЕН-клубтың кезекті отырысы өтті.
Іс-шараны ПЕН-клуб президенті Бигелді Ғабдуллин жүргізді.
Сөз сөйлеген қонақтар: Смағұл Елубай, Дулат Исабеков, Сұлтанәлі Балғабаев, Жүсіпбек Қорғасбек, Адольф Аршицевский және т.б.
Сондай-ақ, шара барсында журналист, жазушы Жүсіпбек Қорғасбекке «Мұхтар Әуезов» атындағы алтын медаль мен сыйақы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлына «Мағжан Жұмабаев» атындағы алтын медаль мен сыйақы, жазушы, ақын Фархат Тамендаровқа ПЕН-кулбтың алтын медалі мен сыйақы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәренбайға «Мағжан Жұмабаев» атындағы алтын медаль, жазушы, драматург Михаил Земсков пен жазушы Юрий Серебрянскийге ПЕН-кулбтың алтын медальдары табыс етілді.
Іс-шараға Қуандық Түменбаев, Амангелді Кеңшілікұлы, Үміт Тәжікенова, Амантай Ахетов, Светлана Ананьева және т.б. ПЕН-клуб мүшелері қатысты.