+7 (727) 267-28-83

286048113 5031276393636444 3998362881296992047 n

3 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасындағы үлкен залда ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің туған күніне орай «Олжастың жаңа толқыны» атты шығармашылық кеші өтті.

Шара Олжас Сүлейменовтың өмірінен сыр шертетін видеороликпен басталды.

Іс-шараны танымал қазақстандық анимациялық фильм режиссері, продюсер және сценарист, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма төрағасының кеңесшісі Адай Әбелдинов жүргізді.

Кеште Олжас Сүлейменов Махамбет Өтемісұлы туралы ой қозғап, батырға арнаған өлеңін оқыды.

Салтанатты шарада кинотанушы, киносыншы Әбікеева Гүлнар Ойратқызы құттықтау сөз сөйлеп, Олжас Сүлейменовке кітабын сыйға тартты.     

Сонымен қатар, Олжас Сүлейменовтың авторлығымен түсірілген «Махамбет» атты көркем фильмнің көрсетілімі болды. 

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан Олжас Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығына арналған мерзімді басылымдар беттеріндегі газеттер мен журналдар көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: Мәдениет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, О. Сүлейменовтің әріптестері, жолдастары, туған-туыстары, ЖОО оқытушылары мен студенттері және кітапхана оқырмандары.

285829121 5031276513636432 5071393480172741454 n   285826426 5031276250303125 4053084744871365328 n
285700790 5031276630303087 1957076511958205931 n   285699030 5031276403636443 680245540024096698 n