+7 (727) 267-28-83

ББББ

3 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасындағы Р.Бердіғалиева атындағы залда ақын Болат Дүйсембінің «Есіңде жүрсін ұмытпа» және  жазушы Бақытөмір Шалғынбайдың «Шығыстағы текетірес» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы жүргізді.  

Сөз сөйлген қонақтар: жазушы-фантаст, педогогика және медицина ғылымдарының докторы, академик Совет-Хан Ғаббасов, , «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері Ғазиз Алдамжаров, «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, жазушы, қоғам қайраткері Бейбіт Қойшыбаев, жазушы, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас редакторы Ертай Айғали, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы директорының орынбасары  Еркін Нұразхан, «Ақжол» партиясының Семейдегі бөлімшесінің жетекшісі Рахат Алтай және т.б.

Шараның соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітаптар сыйға тартылды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, зиялы қауым, кітапхана оқырмандары және  БАҚ өкілдері .

3a5e67ff 3d72 4ef2 9f45 ca446d3a3d64   d7bc3823 fde1 4907 8542 a718eae562a1