+7 (727) 267-28-83

БББББББББ

3 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін рәміздер болып табылады.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші Талғат Күзембаевтың орындауында Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі жүргізді.

Салтанатты шарада ҚР Білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», суретші Тоққожа Қожағұлов Мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректермен бөлісіп, пайымды пікір білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Жақсылықұлы «Шәмші аға» әнін орындады.

Жиналғандар Шәмші ағамыздың небәрі 26 жасында, қазіргі Мемлекеттік әнұранымыз - «Менің Қазақстаным» әнін қалай жазғаны жайлы  кезінде таспаға түсіріліп алынған әңгімесін тыңдады.

Шараның соңында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қонақтарға жылы лебізін білдірді.  

Іс-шара аясында кітапхана қорынан Мемлекеттік рәміздер күнінің 30 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және Әнұран авторы Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы «Шәмшісіз өткен 30 жыл» атты безендірілген кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері және кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері.

c0d0eb0c dc2a 4fbd 8446 27b092c9e3de 1   c8d42754 1837 4e9e 8fae 09146ab549a6 1