+7 (727) 267-28-83

2 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткері Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы өзі құрастырып, алғы сөзін жазған «Мүсіреповтің хатханасы − Письмотека Мусрепова» атты жаңа туындысын сыйға тартты.

Бұл кітапқа қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Ғ. Мүсіреповтің 1928-1985 жылдар аралығында өзі жазған және өзгелерден алған хаттары топтастырылған. Хаттардың көпшілігі бұрын еш жерде жарияланбаған, олар хронологиялық тәртіппен берілген.

Кітап тарихшыларға, ұстаздарға, студенттерге, оқушыларға арналған.