+7 (727) 267-28-83

image 31 05 22 05 26 2

2022 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының (БМШӘК) құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру орталығы өткізген «Қалпына келтірудегі құжаттарды сәйкестендіру үшін зерттеудің базалық әдістері» атты тәжірибелік семинарына қатысты.

БМШӘК  консервация  және қалпына келтіру орталығының басшысы-Р. М. Сальникова құттықтау сөз сөйледі. Тәжірибелік семинарды жоғары санатты қалпына келтіруші - суретшілер Е.В. Мымрина және И. А. Шилова «Қалпына келтіруге дейінгі құжатты зерттеудің теориялық аспектілері»  тақырыбында ұсынды. 

Семинарда құжаттарды қалпына келтіру әдістемесін анықтау және қалпына келтіру үрдісінде оның жағдайын бақылау үшін қажетті қайта қалпына келтіруге дейінгі зерттеулердің маңызды кешенін жүргізу бойынша қалпына келтіруші суретшілердің жинақталған тәжірибесі ұсынылды. Сабақ БМШӘК қорының кітаптары мен плакаттарында портативті оптикалық микроскоптарды қолдана отырып өткізілді.

image 31 05 22 05 26 1   image 31 05 22 05 26