+7 (727) 267-28-83

7845Әлем әдебиеті оқу залында «Орыс жазушысы, журналист, аудармашы Константин Георгиевич Паустовскийдің туғанына - 130 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Әлем әдебиеті оқу залында «Орыс жазушысы, журналист, аудармашы Константин Георгиевич Паустовскийдің туғанына - 130 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Константин Георгиевич 1892 жылы Мәскеуде дүниеге келді. 1912 жылы Киев университеті жаратылыстану бөлімінің физика-математика факультетіне оқуға түсіп,  кейін философия бөлімінің тарих-филология факультетіне, 1914 жылы Мәскеу университетіне ауысады. Паустовский Ресей мен Еуропа елдерін көп саяхаттады, сапарлардан алған әсерлері оның көптеген шығармаларының негізін қалады, олардың алғашқысы - Морскиенаброски» (1924 г.), «Минетоза» (1927 г.), «Романтики» (1921 г.), «Блистающие облака» (1929 г.) романдары. Паустовский прозасының ерекшелігі - сюжеттің болмауы, абстрактілік, сезім мен жоғары идеалдар әлемінде өмір сүретін романтикалық кейіпкерлердің бейнесі.

Белгілі орыс жазушысы Константин Паустовскийдің тағдыры мен шығармашылығы үшін Қазақстанның алатын орны ерекше екені белгілі. К. Паустовскийдің «Карабұғаз» (1932 ж.) повесінде және басқа да әңгімелерінде қазақ тақырыбы мейлінше айқын көрініс тапқан.

1934 жылы Паустовский нақты деректерге сүйене отырып, «Колхида» әңгімесін жазды. Паустовскийге «Черное море» (1936 ж.) және тарихи оқиғаларға негізделген «Северная повесть» (1938 ж.) көркемдік зерттеуі тиесілі. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Паустовский Орталық Ресей табиғатының сүйкімділігі мен поэзиясын шебер жеткізеді («Летние дни», 1937 ж.; «Мищерская сторона», 1939 ж.) Соғыстан кейінгі жылдары Паустовский «Повесть о жизни» өмірбаяндық кітабымен жұмыс істеді. («Далекие годы», 1946 ж.; «Беспокойная юность»,1955 ж.;  «Начало неведомого века», 1957 ж.; «Время больших ожиданий», 1959 ж.; «Бросок на юг», 1960 ж.; «Книга скитаний», 1963 ж.) Паустовский 20 ғасырдағы орасан зор оқиғалардың аясында «Повести о жизни» (1945-1963 жж.) өзінің отбасы, балалық шағы және өмір бойы кездестірген  адамдары туралы ерекше әңгімелейді.

Константин Паустовский 1968 жылы 14 шілдеде Мәскеуде қайтыс болды және Таруса зиратына жерленді. Ол көптеген мемлекеттік наградалармен, солардың ішінде: Еңбек Қызыл Ту орденімен (1939 және 1962 жж.), Ленин орденімен (1967 ж.), «Ерлігі үшін» және «Одессаны қорғағаны үшін» медальдарымен, Влодзимеж Петшак атындағы сыйлықпен (Польша, 1967 ж.) марапатталды.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан К.Г.Паустовскийдің кітаптары мен ол туралы дүниежүзі халықтарының әртүрлі тілдеріндегі әдебиеттер: ағылшын тіліндегі «Во глубине России», «Избранные повести и рассказы»; итальян тіліндегі 2 томдық «Книга о художниках»; «Северная повесть»; испан және қазақ тіліндегі «Романы и рассказы» «Избранные истории» «Молчание кролика»; қазақ тілдерінде «Мудрый повар»; неміс тіліндегі «За радугой»; орыс тіліндегі «Константин Паустовский» 9 томдық шығармалар жинағы; француз тіліндегі  «Ертегілер мен әңгімелері» және т.б. қойылды.

 

Кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз !