+7 (727) 267-28-83

СА1 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасында, Р.Бердіғалиева атындағы залда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлымен кездесу өтті. Аталған шара алдағы референдумға орай ұйымдастырылды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы жүргізді.

Іс-шарада С.Ә.Әбдрахманов елді дамыту мен қоғамды демократияландырудың маңыздылығы, Мемлекеттің Негізгі заңы – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың республиканың саяси жүйесін, халық билігін нығайтатыны туралы жан-жақты әңгімелеп, қойылған сауалдарға жауап берді. Қайраткер азаматтың әрбір тұжырымы ел өмірінен алынған нақты деректермен дәйектеліп отырды.

Парламент Мәжілісінің депутатына ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлері: Б. Ж. Жүнісбеков, А.Х. Юсупова, А.К. Рахимова және басқалар сұрақтар қойды. Кездесуде қатысушылар өзара пікір алмасып, референдумда әрбір азаматтың дауыс беруінің маңызы туралы ой бөлісті.

Қатысқандар: ҚР Ұлттық кітапханасының ұжымы, зиялы қауым және БАҚ өкілдері.

c9627556 960e 4eff bd12 5e46b9426639   0172a55e db5e 4d81 a0c5 012c54bedd8e