+7 (727) 267-28-83

КБС27

27 мамырда, ҚР Ұлттық кітапханасында, «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумы аясында «Әдеби өзара әрекеттестіктің жаңа форматы: кітапханалар, жазушылар және оқитын ұлт» тақырыбындағы кітапханалық секция отырысы өтті.

Кітапханалық секцияның мақсаты: жаңа Қазақстанды құру жағдайындағы кітапханалардың жұмысы, өзекті кітапханалық мәселелерді талқылау, тәжірибе және пікір алмасу.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Қазақстан мәдениетінің «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты І қазақстандық форумы аясындағы «Әдеби өзара әрекеттестіктің жаңа форматы: кітапханалар, жазушылар және оқитын ұлт» кітапханалық секциясына қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Б.Оспанова өз сөзінде әлеуметтік институттардың жоғары миссиясын, жаңа Қазақстанды құру бойынша стратегиялық міндеттерді іске асыруға кітапханалар мен жазушылардың өзара әрекеттестік рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, ол қатысушылармен адам құқықтарын қорғау жүйесі, Парламенттің рөлін арттыру, оның сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі және өңірлердің дербестігін арттыру туралы бөлісіп, конституциялық реформалар бойынша алдағы референдумға әркімнің қатысуының маңыздылығын атап өтті және еліміздің кітапхана қауымдастығын референдумға белсенді қатысуға және жаңа Қазақстан үшін өз дауысын беруге шақырды.

Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті мұражайлар мен кітапханалар басқармасының басшысы Пазылова Г.А. Пазылова форум қатысушыларына мәдениет және спорт министрінің атынан құттықтау сөздерін оқып, кітапхана мамандарына марапаттар табыстады.

Секция отырысын Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директорының м.а. Жолдыбалинов Н.Н., Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры Байзаков А.Қ., С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Тлеулесов Т., А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Сакпанова Ж.С., С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Кітапханаларды дамыту бөлімінің жетекшісі Жылкыбекова А.А., Қазақстандық Гиннестің рекордтар кітабына енген, Қазақстанның жас жазушысы, Юсупжанов И.Х. жалғастырды.

Кітапханалық секцияда кітапхана қызметінің ең өзекті мәселелері – оқу мәселесі талқыланды, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді оқуға тартудың негізгі бағыттары: классикалық әдебиеттің үздік үлгілерін насихаттау (оқу бағдарламалары шеңберінде де, одан тыс та); заманауи отандық және шетелдік әдебиеттермен таныстыру; өңірлік және республикалық авторлардың шығармашылығын зерттеу; оқырмандардың әдеби шығармашылығын қолдау анықталды.

Қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне кітапханаларындағы жұмысты жақсарту және кітапханашы мамандығының беделін арттыру бойынша ұсыныстар берді.

КБС27май   КБС27ма   КБС27м