+7 (727) 267-28-83

27ммммай

27 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының  Н.Дәулетова атындағы залында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры мен Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі (Жаңалық ауылы) «Қазақ және қырғыз халықтарының үркіншілік кезеңдеріндегі өзара көмек тарихынан» атты тақырыпта офлайн және онлайн форматта еларалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияны белгілі ғалым, Репрессияға ұшыраған Қазақстан зияларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоры мен «Арыс» баспасының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Әнес  Ғарифолла Қабдолқайырұлы жүргізді.

Шараны кіріспе сөзбен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Мәрлен Қапашұлы ашты.

Баяндамашылар: Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабулдинов Зиябек Ермұханұлы;  Б.Жамгыргинов атындағы Тарих, археология және этнография  Институтының директоры, т.ғ.д., профессор, Қырғызстан ҰҒА-ның корреспондент-мүшесi Асанканов Аблабек; К.Дыйканбаев атындағы Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы Дипломатиялық академиясының проректоры, т.ғ.д., профессор Курманов Зайнидин Карпекович; Қырғыз Республикасының Мемлекеттік архивінің директоры БЕЧЕКОВ Жумабай Дабынович; И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к Байдилдеев Жумагул Рысбекович;  Б.Жамгыргинов атындағы Тарих, археология және этнография  Институтының бөлім басшысы, т.ғ.к. Кубатова Аида Эсенкуловна; Ош мемлекеттік университетінің Шығыстану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Ботоноев Жолдошбек Советбекович; ақын, қоға қайраткері Айсұлу Қадырбаева және т.б.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «31мамырСаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырды.

Қатысушылар: белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар, ТМД елдерінен келген  құрметті қонақтары және БАҚ өкілдері.

284374233 5010412359056181 705087120452858183 n   284291699 5010411965722887 6803766015787333379 n