+7 (727) 267-28-83

27мая

27 мамырда, ҚР Ұлттық  кітапханасында, Роза Бердіғалиева атындағы залда жазушы Оңласын Әмірқұлдың «Кісікиік» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Оңласын Әмірқұлдың бай шығармашылық  мұрасы қызықтырған жан оны «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінен және «Ара» журналынан молынан таба алады. Ол ащы да болса ақиқатты жаза отырып, жұртшылыққа кеңінен танылды. Автордың тұсауы кесілген «Кісікиік» романы кезіндегі құқық тәртібін орнықтыру жолындағы журналистік бай тәжірибенің қисынды қорытындысы деуге әбден лайық.

Жазушы Оңласын Әмірқұлдың бұған дейін «Дерт» повесі мен «Оқпан» романы және басқа да шығармалары жарық көрген. Ол мәдениет қайраткері, Меркі ауданының «Құрметті азаматы» болып табылады.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы,  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашты  және жүргізді. 

Тұсаукесерде белгілі ақын-жазушылар: Бауыржан Жақып, Кәкен Қамзин, Балтабай Әбдіғазиев, Анарбай Бұлдыбаев, Әлібек Асқар, Мағира Қожахметова, Бейсенбай Сүлейменов, Жұмабай Шаштайұлы, Қуандық Түменбаев, Болат Оңғарбаев, Өтеш Қырғызбаев, Жұмаш Кенебай  және т.б. жылы лебіздерін білдірді.

Қортынды сөзді жазушы Әмірқұл Оңласын айтып, жиналғандарға өз ризашылығын білдірді. 

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: жазушылар, зиялы қауым  және БАҚ өкілдері.

283988898 5010683495695734 4207623605168942285 n   284440762 5010683415695742 8152600481764405375 n